Home > Support > WARRANTY

WARRANTY

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

БҰЛ КЕПІЛДІК СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІР ҚҰҚЫҚТАР БЕРЕДІ ЖӘНЕ ОЛАР ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҚТЫҢ НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ, ШЕТКІ АЙМАҚТАРДА НЕМЕСЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢМЕН ЕҢ ҚЫСҚА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ КӨЗДЕЛГЕН. XIAOMI КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕННЕН БАСҚА ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ШЕКТЕМЕЙДІ ЖӘНЕ ТОҚТАТПАЙДЫ. ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУ ҮШІН ЕЛІҢІЗДІҢ, ШЕТКІ АЙМАҒЫҢЫЗДЫҢ НЕМЕСЕ ОБЛЫСЫҢЫЗДЫҢ ЗАҢДАРЫМЕН ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ. Шартта көрсетілген осы кепілдік Xiaomi өнімдерінің (бұдан әрі «өнім») тек аппараттық құрамдастарына қолданылады және Xiaomi компаниясына немесе соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі, бөлек кепілдік міндеттемелері немесе ерекшеліктер берілген немесе қолданылатын үшінші тараптарға тиесілі кез келген бағдарламалық жасақтамаға немесе басқа жабдықтарға қолданылмайды.

ӨНІМНІҢ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІГІ

Xiaomi компаниясы алғашқы сатып алушыға POCO өнімінің кепілдік мерзімінде қалыпты пайдалану кезінде материалдардағы ақаулықтарға және дайындау сапасына кепілдік береді. Қолданыстағы заңнамен басқаша берілмеген жағдайда, сатып алынған күннен бастап, кепілдік негізгі құрылғыға бір (1) жылға, алынбалы аккумулятор мен зарядтау құрылғысына алты (6) айға, алынбайтын аккумуляторға бір (1) жылға және құлаққапқа, егер қолданылса, үш (3) айға беріледі. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, Хiaomi компаниясы қолданыстағы заңнамамен көзделген заңды ең қысқа кепілдік мерзімін жоймайды, оны жүзеге асыруды шектемейді және тоқтатпайды. Xiaomi компаниясы өнімнің үзіліссіз немесе қатесіз жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Егер кепілдік мерзімінде жабдық тоқтап қалып, Xiaomi компаниясына негізделген шағым түссе, Xiaomi компаниясы (1) өнімді тегін жөндейді, жаңа немесе жаңартылған ауыстырмалы бөлшектерді пайдаланады, (2) өнімді жаңа немесе жаңартылған өнімге ауыстырады немесе (3) болуы мүмкін тасымалдау шығындарын қоспағанда, өнім ақысын өтейді.

Ақаулық болған жағдайда заңмен рұқсат етілген толық деңгейде бұл сіздің жалғыз және айрықша құқықтық қорғау құралдары болып табылады. Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайларда, тасымалдау және өңдеуге арналған ақылар алынуы мүмкін. Кез келген ауыстырмалы аппараттық өнім үшін бастапқы кепілдік мерзімінің қалған мерзіміне немесе отыз (30) күнге, қайсысы ұзағырақ болса, сол мерзімге немесе юрисдикцияңызда қолданылуы мүмкін кез келген қосымша уақыт кезеңіне кепілдік беріледі.

КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Xiaomi компаниясы клиенттен сатып алу мәліметтері бойынша дәлелдемелерді және өнімнің IMEI коды бар кепілдік картасын көрсетуді талап етуі мүмкін. Өнімде сақталған кез келген деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың резервтік көшірмесін жасау сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады. Қызмет көрсету барысында мұндай деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе басқа да материалдардың жоғалып кетуі немесе түрлендірілуі мүмкін, Xiaomi компаниясы кез келген осындай зақымдалу немесе жоғалуға жауап бермейді.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР

Егер Xiaomi компаниясымен басқаша көзделмесе, осы шектеулі кепілдік тек жабыстырылған «Xiaomi» немесе «Mi» сауда белгісі, сауда атауы немесе логотип арқылы анықтауға болатын, Xiaomi компаниясымен немесе Xiaomi компаниясы үшін өндірілген өнімдерге қолданылады. Шектеулі кепілдік төмендегілерге қолданылмайды: (a) Табиғат апаттарына, мысалы, найзағай түсу, қатты құйын, өрт, жер сілкінісі немесе басқа сыртқы себептерге байланысты зақымдалу; (ә) немқұрайлылық; (б) оммерциялық мақсаттарда пайдалану; (в) өнімнің кез келген бөлшегін түзету немесе өзгерту; (г) Xiaomi өнімдерінен басқа өнімдермен пайдалануға байланысты зақымдалу; (ғ) оқыс оқиға, дұрыс пайдаланбау немесе қиянат жасауға байланысты зақымдалу; (д) Өнімді Xiaomi компаниясымен сипатталған рұқсат етілген немесе мақсатты пайдаланудан тыс немесе дұрыс емес кернеу немесе қуатпен пайдалану нәтижесінде туындаған зақым; (ж) Xiaomi компаниясының өкілі болып табылмайтын кез келген адамның қызмет көрсетуі (жаңартулар мен кеңейтімдерді қоса) нәтижесінде туындаған зақым немесе (з) өнімді пайдалану бойынша нұсқауларды орындамау Осы шектеулі кепілдік қамтымайтын бағдарламалық жасақтамаларды және пайдаланушы деректерін қалпына келтіру және қайта орнату. Xiaomi делдалына, агентіне немесе қызметкеріне осы шектеулі кепілдікті өзгертуге, ұзартуға немесе толықтыруға рұқсат етілмейді. Егер қандай да бір талап заңсыз немесе заң тұрғысынан жарамды болса, қалған талаптардың заңдылығы мен заң тұрғысынан жарамдылығына ықпал етілмеуі немесе олардың бұзылмауы тиіс. Заңдармен тыйым салынған немесе Xiaomi компаниясымен басқаша қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда, сатылымнан кейінгі қызмет көрсету бастапқы сатып алу елінде немесе аймағында орындалуы тиіс. Осы кепілдіктер тиісті түрде импортталмаған және/немесе Xiaomi компаниясымен өндірілмеген және/немесе Xiaomi компаниясынан немесе Xiaomi компаниясының ресми сатушысынан тиісті түрде алынбаған өнімдерді қамтымайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз өнімді сатқан ресми емес сатушының кепілдіктерінен пайда көре аласыз. Сондықтан Xiaomi компаниясы өнімді сатып алған сатушымен байланысуды ұсынады. Осы кепілдіктер Гонконгта және Тайванда қолданылмайды.

ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕР

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, барлық ұйғарынды кепілдіктер (коммерциялық кепілдіктер мен белгілі бір мақсаттарға сай болуымен қоса) осы шектеулі кепілдіктің ұзақтығымен шектелуі тиіс. Кейбір юрисдикцияларда ұйғарынды кепілдіктің ұзақтығы бойынша шектеулерге жол бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген шектеулер сізге қолданылмауы мүмкін.

ЗАҚЫМДАЛУ ШЕКТЕУЛЕРІ

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған жағдайда, Хiaomi компаниясы кез келген кездейсоқ, жанама, әдейі немесе кезекті зақымдарға, соның ішінде шығындар, табыс немесе деректерді жоғалтумен шектелмей, анық немесе ұйғарынды кепілдіктің немесе шарттың бұзылуына байланысты немесе кез-келген басқа құқық теориясы бойынша, тіпті Хiaomi компаниясы осындай зақымдардың мүмкін болуы туралы хабардар болғанымен де, жауапкершілік алмайды. Кейбір юрисдикциялар әдейі, жанама, кездейсоқ немесе кезекті зақымдарды алып тастауға немесе шектеуге жол бермейді, сондықтан жоғарыда аталған шектеулер немесе алып тастау сізге қолданылмауы мүмкін.

POCO КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Қала Мекенжайы Жұмыс уақыты Телефон нөмірі
Актау 6 мкр, дом 36, офис 46 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 729 253 1493
+7 775 510 2000
Актобе пр. А. Молдагуловой, 11в Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 747 231 6088
Алматы пр. Жибек Жолы 104а Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 727 300 0300
+7 800 100 3000
Алматы пр. Аль-Фараби 17, 4 этаж, корпус 4б, офис 403 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 701 348 0665
Астана ТРЦ "MEGA Silk Way" 1-й этаж, бутик № 1-90 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 778 021 3140
+7 800 100 3000
Астана ул. Шаймердена Косшыгулулы, 13/1. ВП-1 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 717 230 5666
+7 708 259 9770
Астана пр. Богенбай батыра, 46 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 717 269 5130
+7 771 920 1911
Экибастуз ул. М. Ауэзова, 30 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 718 734 4446
Кокшетау ул. Габдуллина, 38 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 716 233 3857
+7 701 958 7233
Костанай ул. Толстого, 52 офис 4 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 775 562 7404
Кызылорда ул. Айтбаева, 33 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 771 507 0039
Павлодар ул. Лермонтова, 45/2 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 718 232 5070
+7 701 916 5510
Петропавловск ул. Интернациональная, 61, офис 211 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 715 264 1516
+7 715 233 1400
+7 707 536 5007
Караганда пр. Бухар-Жырау, 63 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 721 243 5200
+7 778 800 5500
+7 771 005 5500
Семей ул. Кайыма Мухамедханова, 23, офис 7 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 722 252 6915
+7 747 853 1304
Шымкент пр. Абая, 28/10 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 707 135 9464
Тараз ул. Толе би, 51 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 726 245 1356
+7 726 245 0999
Темиртау мкр. Горка Дружбы, 6/1 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 708 909 0490
Уральск ул. М.Маметовой, 110 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 711 254 1133
+7 707 876 3999
Усть-Каменогорск ул. Кабанбай батыра, 140, ТД Eurasia, 4 этаж, офис 48 Дүйсенбі-жұма 10:00-18:00 +7 723 260 1701
+7 777 993 6363
+7 705 473 6363